Кәсіпкерлер
"Самұрық-Қазына" қорының сатып алуларына қатыса алатын болады. Бүгін
сатып алуды жетілдіру туралы "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы
мен әл-ауқат қорының басшылары келісімге отырды.
Өмірзақ Шүкеевтың айтуынша,
қор 4 триллион теңгенің үстінде сатып алулар жасайды. Келісімдер өз ішінде
жүргізіліп келген. Мысалы, қор құрамындағы энергетикалық компаниялар қуат көзін
ҚТЖ немесе "ҚазмұнайГазға" сатқан. Енді жаңа келісім бойынша қажетті ресурстар
мен тауарларды отандық кәсіпкерлерден сатып алады.