Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Семейдегі құрылыс компаниялары құрылыс материалдарының қымбаттығына шағымданды

AstanaTV
14.06.2017ж. 20:00
2848
Семейдегі құрылыс компаниялары құрылыс материалдарының қымбаттығына шағымданды

Семейлік құрылыс компаниялары құрылыс материалдарының қымбаттығын айтып, Шығыс Қазақстан облысының әкіміне шағымданды. Кәсіпкерлер бағаның қымбаттауына ешқандай негіз жоқ дейді. Ал аймақ басшысы Даниал Ахметов бұл мәселені шешуге уәде етті. Келесі материалда толығырақ.

Семей әуежайының ұшу-қону алаңын ұлғайту жұмыстары - өңірдегі ең үлкен құрылыс жобасы саналады. Ұшақ жүретін жолақ 3,3 шақырымға дейін ұзартылып, жаңа апаттық-құтқару стансасы салынады. Бұған қоса, барлық байланыс желілері де ауыстырылады. Даниал Ахметов жұмыс сапасының талапқа сай болуын міндеттеді. Өйткені мамыр айының соңында жоспардан қалып қойған құрылысшылар 700 миллион теңгені игере алмапты.

Даниал Ахметов,  Шығыс Қазақстан облысының әкімі:

Бірсыпыра жұмыс істелген, бірақ та қазіргі ең керегі - сапалы жұмыс болу керек. Сол себептен мен қазір қысқаша өзімнің екі сөзімді айтам: технический, авторский надзор. Олар енді бақылау жұмысын қаттылау жұмыс істеу керек. Сол себептен бірең-сараң сұрақ бар. Өзімнің көмекшілеріме тапсырма бердім. Осылар енді жұмыс істейді.

Ал құрылысшылар құрылыс материалдарының бағасы қымбаттағанына шағымданды. Цемент, кірпіш, битум мен құм отандық болғанымен, бағасы сырттан әкелінер өнімдерден қымбат. Осының кесірінен салынар жобаның құны да қымбаттап шыға келген.

Даниал Ахметов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі:

Бұл сауал мүлдем орынсыз деп санаймын. Өйткені мұнымен тиісті құрылымдар айналысуы керек. Біз бәсекелестік ортаны қолдағанымызбен, цемент пен кірпіш бағасының өсуі түсініспеушілік туғызып отыр. Өйткені іс жүзіндегі жағдай басқаша. Сондықтан жауапты басқармалар жұмысын ширатуы тиіс.

Сонымен қатар биыл Семей мектептерінде орын жетіспеушілігі шешіледі. Қыркүйек айына таман 1200 және 1600 орынды екі жаңа білім ошағы пайдалануға беріледі.

Ал жолдарды жөндеуге облыстық бюджеттен 20 жылдан бері алғаш рет 3 миллиард теңге бөлінді. Қаланың Қарағайлы ықшамауданында көпқабатты үйлер салынып, Абай-арена мәдени-спорт кешені бой көтереді. Осылайша Ертіс жағалауы құлпырып шыға келетін күн алыс емес. Өйткені күзге таман мұнда үш деңгейлі бақ пайда болады. Балалар алаңы мен велосипедшілер жолағы да салынбақ.