$488.53 €531.91 ₽5.68
×

Ақтөбе облысында шахтадағы апат: жансақтау бөліміне түскен кенші қайтыс болды

AstanaTV
12.03.2025ж. 08:33
83
Ақтөбе облысында шахтадағы апат: жансақтау бөліміне түскен кенші қайтыс болды

Ақтөбе облысында «Болашақ» кенішіндегі апаттан зардап шеккен жұмысшылардың бірі аурухана төсегінде қайтыс болды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі HromtauLIVE сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ақпаратты «Қазхром» компаниясының баспасөз қызметі растады. Компания моральдық және жерлеу шығындарын өтеуге уәде берді.

Туыстары жұмысшының 10 жылдық орташа жалақысына тең жәрдемақы алады.

«Қызметкер жансақтау бөлімінде жатты. Дәрігерлер бірнеше күн бойы оның өмірі үшін күресті. Барлық қажетті маман тартылды. Алайда, барлық әрекетке қарамастан қызметкер қайтыс болды», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, 28 ақпанда Ақтөбе облысында шахтада апат болып, бір кенші ауыр күйде жансақтау бөліміне түскені хабарланған болатын.