«Әділет» фракциясының мүшелері арнайы орталық тәрбиеленушілерімен бірге «Таза Қазақстан» акциясына қатысты. Олар ағаш отырғызып, орталық аумағын тазалап, абаттандыру жұмыстарына атсалысты. Акцияға «Семізбай-U» компаниясының қызметкерлері де қосылды. Бірлескен жұмыс барысында ойын алаңдары ретке келтіріліп, аумаққа жасыл желек отырғызылды. Тазалық жұмыстарына 35-ке жуық бала мен орталықтың 10 қызметкері қатысты. Ұйымдастырушылар мұндай шаралар балаларды табиғатты қорғауға және қоршаған ортаға ұқыпты қарауға тәрбиелейтінін атап өтті. Жұмыстан кейін балалар үшін мерекелік бағдарлама ұйымдастырылды. Аниматорлар өнер көрсетіп, балаларға аквагрим жасалды. Сондай-ақ оларға мақта кәмпиті таратылып, орталыққа азық-түлік пен естелік сыйлықтар табысталды.
БЕКЖАН ӘЛІМҚҰЛОВ, ҚР ҚҰРЫЛТАЙЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ, «ӘДІЛЕТ» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Біздің сайлауалды бағдарламамыздың негізгі бағыты - адам капиталы. Оның ішінде балалар, ересектер және аға буын өкілдері бар. Сондықтан осындай бастамаларды қолдау - біздің басты міндеттеріміздің бірі.