Жамбыл облысында көлік ұрлап полициядан қашқан адам жол жиегіне шығып кетті.
Оқиға 13 наурызда болды. Полиция департаментінің мәліметінше, Тараз қаласының тұрғыны полицияға «ВАЗ 21015» маркалы автокөлігінің ұрланғаны туралы хабарлады.
Полицейлер автокөліктің орналасқан жерін анықтау мақсатында дереу «Құрықтау» жоспарын енгізді.
«Полиция қызметкерлерінің жедел әрі үйлесімді жұмысының нәтижесінде бір сағат ішінде көліктің орналасқан жері анықталды.
Полицейлердің заңды талаптарына бағынбаған көлік «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» республикалық маңызы бар автожолының 384-шақырымында, Т.Рысқұлов ауданына қарасты Құлан ауылы маңында бұғатталып, тоқтатылды.
Көлік жүргізушісі полициядан жаяу қашып, құтылуға тырысқанымен, Жамбыл облысы ПД патрульдік полиция батальонының қызметкерлері оны тез арада құрықтады», - делінген хабарламада.
Қазір көлікті заңсыз иемденіп кету бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Көлік арнайы айып тұрағына қойылып, қажетті тергеу амалдары жүргізілуде.