$505.15 €550.31 ₽5.89
×

Ақтөбеде түрмеде отырып, пара берген жазасын өтеуші тағы сотталды

AstanaTV
15.03.2025ж. 12:11
109
Ақтөбеде түрмеде отырып, пара берген жазасын өтеуші тағы сотталды
Фото: inbusiness.kz

Ақтөбеде есірткі заттарын дайындап, адам өлтірген тіс технигі тағы жаза арқалады. Бұл жолы ол түрме қызметкеріне пара ұсынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

33 жастағы сотталушыға Қылмыстық кодекстің "Пара беру" бабы бойынша айып тағылды.

Іс материалына сүйенсек, М. Сүйінғарин №70 түзету мекемесінде отырып, лауазымды тұлғаға пара бермек болған.

Ол бақылаушымен танысып, өзіне телефон, қуаттағыш, құлаққап және sim картаны өткізіп беруін сұрайды.

№70 мекеме қызметкері ұсыныстан бас тартады. Кейін хаттама толтырады. Сотталушы біраз уақыт өткен соң мекеме қызметкеріне тағы айтып, 70 000 теңге пара ұсынады. Сол кезде мекеме қызметкері алдын ала келісіммен, ұсынысын қабылдайды.

Сотталушы еш күмәнданбай жоспарын құрып, бір камерада жатқан жазасын өтеушіге өзге өтініш айтады. Тіпті жазасын өтеушіден інісіне өтініш жасауын, сөйтіп телефон мен ақшаны ала келуін өтінеді.

Жазасын өтеуші бір камерада жатқан сотталушының сөзіне сеніп, көмектеседі. Інісі ағасының өтінішімен мекеме қызметкеріне хабарласып, кездесу орнын білгілейді. Сөйтіп азық-түлік дүкенінің алдына ақша, телефонды береді.

Сотталушы сотта кінәсін мойындамады. 

Сот үкімімен Мейрамбек Сүйінғарин айыпты деп танылып, Қылмыстық кодекстің "Пара беру" бабымен 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сот Қылмыстық кодекстің 58-бабы 3,6-бөлігіне сүйеніп, түпкілікті 19 жыл 3 ай мерзімге бас бостандығынан айырды.