$505.15 €550.31 ₽5.89
×

«Соттың әділ өтетініне сенемін»: 6-қабаттан құлап, қаза тапқан қыз танымал блогердің шәкірті болып шықты

AstanaTV
16.03.2025ж. 10:03
88
«Соттың әділ өтетініне сенемін»: 6-қабаттан құлап, қаза тапқан қыз танымал блогердің шәкірті болып шықты
Фото: видеодан скрин

Желіде танымал блогер Ұлпан Жеңісқызы шәкіртінің қазасы жайлы хабар ауыр тигенін алға тартып, қыздың ата-анасына көңіл айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Ажар, шәкіртім, қош бол! Жалған өмір-ай. Өз басым «Қыз жарт жұрттық», «Еті сенікі, сүйегі біздікі» дегенмен келіспеймін. Бұрынғы замандағыдай 10-12-ден топырлатып бала тумағаннан кейін қыз балаға ерекше бас көз болу керек. Ажар бір үйдің жалғыз түйір қызы еді. Гүлжан тәтем мен Тәуекел ағама қайғырып көңіл айтамын. Сот әділ өтетініне сенемін», – деп жазды ол.

Одан кейінгі жазбасында блогер қызбен қалай танысқанын айтып, оның бет әрлеумен айналысқанын, болашағынан үлкен үміт күттірген маман болғанын жеткізді.

«Ажар менің командамда 2,5-3 жылдай жұмыс істеді. Өте пысық, дарынды қыз. Бетті керемет әрлейтін. Қасымда біраз жыл жүруін қалағанымда ұзатылып кетті. Тұрмыс құрғаннан кейін жиі хабарласа да алмадық. Бүгін әлеуметтік желідегі жаңалықты көрген Шалғын «қарашы, Ажарға ұқсай ма?!» дегеннен кейін назар аударғанда төбемнен жай түскендей болды. Неге 21 жасар қаршадай қыз осындай азапты тағдыр кешу керек?!» – деп түйіндеді ойын блогер.