$505.15 €550.31 ₽5.89
×

Батыс Қазақстан облысында еріген қар суын бұру жалғасып жатыр

AstanaTV
16.03.2025ж. 10:33
71
Батыс Қазақстан облысында еріген қар суын бұру жалғасып жатыр
Фото: www.istockphoto.com

Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданында еріген қар суын сору, сондай-ақ жиналған суды бұру үшін арналар тарту бойынша алдын алу іс-шаралары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Бір тәулік ішінде ауданда 1500 текше метрден астам су сорылды. Ал су тасқыны кезеңінің басынан бері 5000 текше метрге жуық су сорылды.

Бұл жұмысқа Төтенше Жағдай министрлігінің қызметкерлері, ҚР ТЖМ 20982 әскери бөлімінің әскери қызметшілері мен жергілікті атқарушы органдар жұмылдырылды.