Өңірдегі оқушылар ҰБТ-да ең жоғары ұпай жинаса, 5 млн теңгенің сертификатын иелене алады. Жергілікті кәсіпкер, меценат түлектерді осындай ерекше сыйлықпен талпындырып отыр, деп хабарлайды kaz.inform.kz.
Жалпы «Зерде» мамандандырылған мектебінің түлектері тарапынан игі бастамалар жиі ұйымдастырылады. Былтырғы жылдың қараша айында аталған мектеп түлегі пән олимпиадасында жетістікке жеткен 11-сыныптың екі оқушысына 30 мың теңгеден стипендия тағайындаған еді.
Аталған білім ордасын 2014 жылы бітірген кәсіпкер бұған дейін мектептің 20 жылдық мерейтойын бір миллион теңге ақшалай қаражатпен қолдаған.
Бұл жолы да ол тамаша бастамасымен түлектерді білімге ерекше ынталандырды.