$499.04 €544.45 ₽5.96
×

Астанадағы ойын-сауық орындарында кальян шегудің заңсыз фактілері анықталды

AstanaTV
17.03.2025ж. 15:53
90
Астанадағы ойын-сауық орындарында кальян шегудің заңсыз фактілері анықталды

Астанада ойын-сауық орындарында кальян шегудің заңсыз фактілері анықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Елорда полицейлері Қазақстан Республикасының темекі өнімдері мен кальян қоспаларын белгіленбеген орындарда тұтынуға тыйым салу туралы заңнамасының бұзылуын анықтауды жалғастыруда. Жыл басынан бері темекі өнімдерін, оның ішінде қыздырылатын темекі бұйымдарын, кальян темекісін, кальян қоспаларын, темекіні қыздыру жүйелерін тұтынуға тыйым салу туралы 1200-ден астам құқық бұзушылық тіркелді. Соңғы тәулікте жүргізілген рейдтік іс-шаралар барысында шамамен 100 құқық бұзушылық анықталды. Достық көшесіндегі лаундж-барда Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 441-бабы 1-бөлігі бойынша құқық бұзушылық анықталды. Белгіленбеген жерде кальян қолданған келушіге 15 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Сондай-ақ мекеме темекі өнімдерін шегуге тыйым салынған орындарда қызмет көрсеткені үшін 441-баптың 3-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Астана қаласының полициясы ҚР ӘҚБтК-нің 441-бабына сәйкес, темекі өнімдерін, оның ішінде қыздырылатын темекі бұйымдарын, кальян темекісін, кальян қоспаларын, темекіні қыздыру жүйелерін, электронды тұтыну жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды тыйым салынған орындарда тұтыну жеке тұлғаларға 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкелетінін еске салады.