Алматы облысында теміржол бойында адам мәйіті табылды.
Көліктегі полиция департаменті бұл фактіні растады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Қайғылы оқиға оқиға 17 наурыз күні Алматы облысының "Шамалған-Ақсенгір" станциялары аралығында болған.
"Аталған факті бойынша Алматы станциясындағы Желілік полиция басқармасының қызметкерлері абайсызда адам өлiмiне әкеп соққан темiржол көлiгi жүрісі немесе оларды пайдалану қауiпсiздiгi қағидаларын бұзу бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Қазір осы іс бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады департаменттен.