$496.41 €542.77 ₽6.05
×

ЕGov және бірқатар электронды қызметтер уақытша істемейді

AstanaTV
18.03.2025ж. 17:40
82
ЕGov және бірқатар электронды қызметтер уақытша істемейді

Техникалық жұмыстар жүргізілуіне байланысты 20 наурызда сағат 23:00-ден 21 наурыз сағат 08:00-ге дейін электронды қызметтер уақытша қолжетімсіз болады.

Атап айтқанда: 

-eGov.kz порталы мен eGov mobile мобильді қосымшасы («Цифрлық құжаттар» сервисін қоса алғанда);

-e-Otinish, E-license порталдары және Ашық үкімет жүйелері;

-ҚР Ұлттық куәландырушы орталығы (ҰКО) сервистері;

-«ҰАТ» АҚ сүйемелдейтін өзге де жобалар;

-Екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшаларындағы және басқа жүйелердегі мемлекеттік қызмет көрсету сервистері.