$496.41 €542.77 ₽6.05
×

"Мұғалімдерді көше сыпыруға мәжбүрлеу тоқтатылды" - А. Аймағамбетов

AstanaTV
19.03.2025ж. 13:56
194
"Мұғалімдерді көше сыпыруға мәжбүрлеу тоқтатылды" - А. Аймағамбетов
Фото: Inbusiness.kz

Аймағамбетов осыдан алты жыл бұрын, егер мұғалімдердің жалақысы екі есеге өседі, бастауыш сынып оқушыларына тегін ыстық тамақ беріледі, Ұлттық қордың қаражаты барлық балалардың шотына аударылып, қарапайым жұмысшы мамандары, Ақордада, мемлекеттік наградаларды алады десе, бұған ешкім сенбетінін айтты, деп хабарлайды Astana TV.

Қазір енді, бұл бастамаларға таңғалмақ түгілі қалыпты жағдай, норма ретінде қарайтын болдық. Әрқашан, бәрі осылай болғандай қабылданып, тіпті уақытылы орындалмаса, проблема ретінде көтеретін болдық, - деді ол.

Бұдан бөлек, мәжбүрлі түрде газет-журналдарға жазылу, көше сыпыру, шексіз есеп беру міндеттері заңмен тоқтатылды. Тіпті бүгін, осындай жағдайлар болса, оған қоғамның өзі қарсылық танытып, резонанс тудыратын жағдайға келдік.

Сонымен қатар бұрын мұғалім мамандығын түлектер амалсыздан, абыройлы мамандықтарға түсе алмағанада ғана таңдайтын. Ал қазір ол беделді мамандықтың қатарына кірді.

Енді бұл мамандыққа ең мықты түлектер түсіп жатыр. Мысалы, педагогикаға түсетін талапкерлердің орташа балы 55-тен 100 баллға дейін көтерілді. Педагог мәртебесін көтеру - Президенттің маңызды реформасы, әрі балалардың жарқын болашағына деген айқын қадам, - деп айтты Асхат Аймағамбетов.

Әрине жасалған істер жетерлік, дегенмен әлі атқаратын ауқымды, әрі түйткілді проблемалар да бар.

Мысалы, МӘМС бойынша әлі шешілмеген сұрақтар көп. 3,5 млн. МӘМСпен қамтылмыған азаматтар, сапалы медициналық көмекке қолжетімділік, реттелмеген тарифтер проблемалары. Бұл мәселелерге Мемлекет басшысы арнайы тоқталып, тиісті тапсырмаларды берді, - деді ол.