$502.83 €545.37 ₽5.95
×

Қатты жаңбыр мен боран: демалыс күндері ауа райы қандай болады?

AstanaTV
21.03.2025ж. 21:15
212
Қатты жаңбыр мен боран: демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Фото: © istockphoto.com

Алдағы демалыс күндері ел аумағында тұрақсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Атмосфералық фронттардың әсерінен еліміздің әр өңірінде жауын-шашын болады:

батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыста – жаңбыр;

солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда – жаңбыр аралас қар жауады.

Синоптиктердің болжамынша, кей жерлерде боран соғып, көктайғақ пен тұман байқалады. Тек Батыс Қазақстан және Ұлытау облыстарында күн ашық болады.

Қай өңірлерде қатты жауын-шашын күтіледі?

23-24 наурыз – Маңғыстау облысында қатты жаңбыр жауады.

24 наурыз — Түркістан, Жамбыл, Алматы және Жетісу облыстарында жаңбыр жаууы мүмкін.

Температура қалай өзгереді?

Батыс Қазақстан: түнде -3…-8°C, күндіз +7…+12°C.

Оңтүстік-батыс: түнде 0…+8°C, күндіз +5…+13°C.

Солтүстік-батыс: түнде -3…-10°C, күндіз +2…+12°C.

Солтүстік: түнде 0…-8°C, күндіз 0…-5°C.

Орталық: түнде -2…-10°C, күндіз 0…-5°C.

Оңтүстік: түнде +3…+15°C, күндіз +8…+18°C.

Шығыс: түнде -3…-12°C, күндіз +3…-2°C.

Синоптиктер азаматтарға ауа райының қолайсыздығына дайын болып, жолда абай болуға кеңес береді.