$502.83 €545.37 ₽5.95
×

ХАМАС Израильге қарай үш зымыран ұшырды

AstanaTV
21.03.2025ж. 22:34
202
ХАМАС Израильге қарай үш зымыран ұшырды
Фото: Anadolu Ajansı

Израильдің Газа секторындағы әскери операциясын қайта бастағаннан кейін үш күн ішінде жергілікті биліктің мәліметінше, шамамен 600 адам қаза тапқан, деп хабарлайды BBC.

Палестиналық тараптың мәлімдеуінше, қаза тапқандардың басым бөлігі бейбіт тұрғындар, олардың ішінде әйелдер мен балалар бар.

— Израиль ХАМАС-қа қарсы дәлме-дәл соққылар жасағанын айтып, әскери операцияны күшейтуге уәде берді. Негізгі мақсаты – тұтқындарды қайтару және радикалды топты толық жою, — деп хабарлайды BBC.

Жауап ретінде ХАМАС бейсенбі күні Израильге қарай үш зымыран ұшырды, алайда олардың барлығы Израильдің әуе қорғаныс жүйесі арқылы жойылды.

Бұл туралы kaz.inform.kz хабарлайды.