$518.34 €591.06 ₽6.27
×

“ЭКСПО” халықаралық көрме орталығында мерекелік концерт өтті

AstanaTV
21.03.2025ж. 17:00
164
“ЭКСПО” халықаралық көрме орталығында мерекелік концерт өтті

Жаңару мен жаңғырудың бастауы - Әз-Наурызды астаналықтар ерекше сән-салтанатымен атап өтуде. Бүгін Экспо көрме орталығында эстрада жұлдыздарының қатысуымен мерекелік концерт ұйымдастырылды. Сүт, ет өнімдері ұсынылған жәрмеңкелер  өтті. Шара барысын әріптесіміз Мөлдір Жақан тікелей эфирде баяндап береді. Мөлдір, мереке құтты болсын! Тікелей эфирдесіз.

МӨЛДІР ЖАҚАН, ТІЛШІ:

Рақмет, Қасымхан! Иә, біз қазір Экспо халықаралық көрме орталығындамыз. Көңіл-күй керемет! Наурыз келді, құт келді демекші, айнала әп-сәтте түрленіп шыға келді. Күн де жылып, мерейін төгіп тұр. Сәлеметсіз бе! Көңіл-күйіңіз қалай? Кіммен келдіңіз? Шара ұнап жатыр ма?


Көңіл-күй тамаша! Астана қаласынын тұрғындарымыз. Бала-шаға, немерелермен келіп жатырмыз бүгін. Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!


МӨЛДІР ЖАҚАН, ТІЛШІ:

Мұнда палау әзірлеп жатыр екен. Иісі мұрнымды жарып барады. Ауызашарға шыдамайтын сияқтымын, бірақ шыдау керек. Міне, Наурыз көже де бар екен. Сәлеметсіз бе! Наурыз көжені қалай дайындайсыз? Ерекше рецептіңіз бар шығар?


ЖҰЛДЫЗ ТҰРАР, КӘСІПКЕР:

Барлық дәнді дақылдарды қостым. Айран қостым. Келушілердің көңілінен шығып жатыр. Бастысы, махаббатпен әзірлеу керек.


Киіз үйлер де қаз қатар тізілген.  Мұнда ұлттық нақыштағы әшекей-бұйымдар мен киім-кешектер сатылып жатыр. Ішке кіріп көрейік. Қайырлы күн! Саудаңыз қалай жүріп жатыр?

АЙНИСА МІРӘЛІҚЫЗЫ, КӘСІПКЕР:

Өзіміз қолдан жасаймыз. Мерекелік уақытта ғана емес, барлық уақытта киетін болғандықтан, мен сол нәрсені насихаттап, қазіргі тақияларды заманауи жастарға арналған міндетті түрде сатылымға шығарамын.  


Ұлыстың ұлы күні алаңда сондай-ақ спорттық шаралар ұйымдастырылған. Палуандар қазақ күресінен күш сынасуда.

ЖАСҰЛАН БЕКБОЛАТ, СПОРТШЫ:

Бүгінгі жарыс әдемі өтіп жатыр. Осы үшін арнайы Арқалықтан келдім. Қарсыластар өте жақсы. Шара да ұнап жатыр. Барлығы жақсы ұйымдастырылған.


МӨЛДІР ЖАҚАН, ТІЛШІ:

Бұл мейрамды халық асыға күтті. Таңмен жарыса жиылған жұрт тарауға асықпайды. Эстрада жұлдыздары халықты әсем ән мен тәтті күйге бөлеп жатыр. Құрметті көрермен, алда 4 күн демалыс күтіп тұр. Сондықтан үйде отырмаңыздар. Наурыз мерекесін барынша сән-салтанатымен атап өтуге сіздер де атсалысыңыздар. Қасымхан, сөз кезегі өзіңізде.