$518.34 €591.06 ₽6.27
×

Қызылжарлықтар Әз-Наурыз мерекесін кең көлемде қарсы алды

21.03.2025ж. 17:00
138
Қызылжарлықтар Әз-Наурыз мерекесін кең көлемде қарсы алды

Қызылжарда Әз-Наурыз бағдарламасы таңғы сағат 10-да бастау алды. Береке мен бірлікті ұялататын мерекеге орай қаланың орталық алаңында этноауыл құрылды. Қаз-қатар тігілген киіз үйлерде бұқараға ұлттық тағамдар ұсынылып, қазақтың қолөнерін дәріптейтін көрме ұйымдастырылды. Сондай-ақ, алаңда тұрғындар гір көтеру, тоғыз құмалақ, асық ату және тағы басқа  ойындардан сынға түсті. Бұқара әсіресе батырлардың образына тәнті болды.

БУРАХАН ДАҚАНОВ, “ТӘУЕКЕЛ” ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Бұрында қазақта той-мереке болған кезде батырлар халықтың тыныштығын бақылап, сырттан келген жауға тойтарыс берген. Мен бүгін сол ежелгі батырдың кейпіне ендім. Мына сауыт түгел темірден жасалған. Салмағы 32 келі.