$518.34 €591.06 ₽6.27
×

Алматыдағы Астана алаңында наурыз көже таратылды

AstanaTV
21.03.2025ж. 17:00
158
Алматыдағы Астана алаңында наурыз көже таратылды

Алматы тұрғындары таңертеңнен бері ұлттық киімдерін киіп, мерекелік шараларға қатысып, бір біріне жақсы тілектерін  арнады. Алаңдардағы мерекелік шаралар әлі жалғасуда. Қазір әріптесім Жомарт Түзелбай бізбен тікелей байланысқа шығады. Жомарт, сөз сізде.

ЖОМАРТ ТҮЗЕЛБАЙ, ТІЛШІ:

Қайырлы кеш, Қасымхан!  Алматыда мереке  жоғары деңгейде  өтіп жатыр.  Көктемнің жылуы мен мейрамның шаттығы қала көшелерінде ерекше атмосфера беріп тұр.


Астана алаңында күні бойы қала тұрғындары мен қонақтары жиналып, ұлттық дәстүрлерді дәріптеп, бір-біріне ақжарма тілектерін арнады.  Ұлттық ойындар, ән-күй, жәрмеңкелер ұйымдастырылды. Алаңда киіз үйлер тігіліп, наурыз көже таратылды.

НҰРГҮЛ ТҰРДАЛЫ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:


Иә әрине Алматы қаласында наурыз мейрамы өте жоғары деңгейде өтіп жатыр. Ең алдымен баршаңызды Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Енді Алматыдағы ең ірі алаңдардың бірі осы астана алаңы көріп тұрсыздар халық өте көп наурыз көжеге талас. Енді осы Алматы қаласының тұрғындарына қонақтарына астана алаңында жұлдызды алматы фестивалі өтетін болады. Осылай наурыз мерекесін тойлауға бәріміз осында келдік. Наурыз мерекесі тағы да құтты болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын.          


ЖОМАРТ ТҮЗЕЛБАЙ, ТІЛШІ:

Рақмет, Нұргүл ханым. Жалпы қалада 100- ден астам  шара өткізу жоспарланған. Дәл қазір концерт болып жатыр. Ол түнге дейін жалғасады.   Мендегі бар ақпарат осы, Қасымхан, сөз кезегі өзіңізде.