$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Атыраулық мықтылар қой көтеруден сайысты

21.03.2025ж. 20:00
171
Атыраулық мықтылар қой көтеруден сайысты

АЛ атыраулық мықтылар қой көтеруден сайысты. Ұлттық спорт санатына кірмесе де, той-жиында  жиі өтетін ойында бақ сынағысы келетіндер көп болды.

Сайысқа 30-дан астам сен тұр, мен атайын деген жігіт қатысты. Ойын  ережесі қарапайым: екі минут ішінде иығына салған түлікті кім көп көтерсе, қой  - сонікі. Қатысушылар қобалжулы. Алайда  көрермендер қолдауын сезініп, соңына дейін көтеруге тырысты. Екі минуттың ішінде  90 мәрте көтерген Алпамыс Айтмұханов жарыс жеңімпазы атанып, қойды өзімен бірге алып кетті.

ЕРСЕЙІТ БРАЛИН, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Бұрын  бірнеше рет жеңімпаз болдым осы Атырауда. Жалпы  спортпен шұғылданғаныма 10 жылдан асты. Бұл жылдан-жылға  қызығушылық танытып, жылдан-жылға конкурент көбейіп барады.  


АСЫЛБЕК ҚАЛИЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ҰЛТТЫҚ СПОРТ КЛУБЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Бұған екінің бірі қатыса алмайды, өйткені қойдың өзі  50-60 келі болса, былайғы адамның көтеруі оңайға соқпайды бұл жерде. Және аяқтың күші мықты болуы керек.