$504.44 €545.65 ₽5.95
×

Елімізде Наурыз есімді қанша адам бар?

AstanaTV
22.03.2025ж. 14:13
193
Елімізде Наурыз есімді қанша адам бар?
Фото: Ақорда

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, елімізде 1,5 мыңға жуық адам Наурыз есіміне ие. Олардың басым бөлігі – ер адамдар, – деп хабарлайды Zakon.kz.

Биылдың өзінде 53 балаға түбірі Наурыз сөзі бар есім қойылған. Наурызбайлар мен Наурызгүлдер ең көп таралған аймақ – Маңғыстау облысы.

Мұнда 282 адам осы есімді иеленген. Бұл атпен Түркістанда – 172 адам, Қызылордада 165 адам өмір сүреді. Ірі қалалар арасында Наурыз есімді азаматтар ең көп тұратын қала Шымкент шаһары. Онда 83 адам бар. Одан кейін Астанада – 62, ал Алматыда 42 тұрғын тұрады. Есім сирек кездесетін өңірлер қатарында Солтүстік Қазақстан, Жетісу және Абай облыстары бар. Еліміздегі ең егде Наурыз есімді азамат 84 жаста. 2023 жылы 9 нәрестеге осы есім берілген. Сондай-ақ республика аумағында Наурыз атты 119 полицей қызмет етеді. Оның төртеуі – нәзікжанды.

Бұл есім сирек кездесетін өңірлер қатарында Солтүстік Қазақстан, Жетісу және Абай облыстары бар. Еліміздегі ең егде Наурыз есімді азамат – 84 жаста. 2023 жылы 9 нәрестеге осы есім берілген. Сондай-ақ республика аумағында Наурыз атты 119 полицей қызмет етеді. Оның төртеуі – әйел адам.

Елімізде 30 жылда мыңнан астам Наурыз есімді бала дүниеге келген. Бұл статистика Наурыз мерекесінің дәрежесі нығайып келе жатқанын айқын көрсетеді.