$447.73 €502.98 ₽5.35

Қазақстан су добынан Азия ойындарында күміс жүлдеге қол жеткізді

Қазақстан су добынан Азия ойындарында күміс жүлдеге қол жеткізді
ҰОК

Қазақстан ерлер құрамасы су добынан Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында жеңіс тұғырына көтерілді, хабарлайды Astana TV.

Қазақстандық су добы шеберлері финалға дейін жетіп, Жапония құрамасымен жолықты.

Төрт кезеңнің қорытындысы бойынша жапониялық спортшылар 24:7 есебімен жеңіске жетті.

Ал Қазақстан командасы 2026 жылғы Азия ойындарын күміс медальмен қорытындылады.