$503.42 €542.08 ₽6
×

Футболдан Ұлттар лигасының финалы Германияда өтеді

AstanaTV
25.03.2025ж. 08:35
179
Футболдан Ұлттар лигасының финалы Германияда өтеді
Фото: kazfootball.kz

Футболдан УЕФА Ұлттар лигасының финалдық кезеңі Германияда өтетін болды.

Мюнхен қаласындағы «Арена Мюнхен» стадионы жартылай финалдың бірі мен финалды қабылдайды. Ал Штутгарттағы «Штутгарт Арена» жартылай финалдың тағы бір кездесуі мен үшінші орын үшін матчты өткізеді.

А лигасы жартылай финалы 4 және 5 маусым күндері болса, үшінші орын мен финал 8 маусымға белгіленген.

1/2 финалда Германия мен Португалия, Испания мен Франция шеберлік байқасады.

Ұлттар лигасы 2018 жылдан бері екі жыл сайын тұрақты түрде өткізіліп келеді. Қазірге дейін Португалия, Франция, Испания бір-бірден чемпион атанды.

2024 жылы Қазақстан құрамасы В лигасында сынға түсті. Өз тобында Норвегия, Австрия, Словенияны алға салып, төртінші орынды місе тұтты.

Айта кетсек, ел құрамасы В лигасы үшінші тобында сынға түсті. Қазірге дейін өз алаңында Норвегиямен 0:0 есебімен ойнаса, сырт алаңда оларға 0:5 есебімен есе жіберді. Ал Словенияға 0:3, 0:1 , Аустрияға 0:4, 0:2 есебімен жеңілді.

Бұл туралы kaz.inform.kz хабарлайды.