Белгілі әнші Мейрамбек Бесбаев кино түсіруді жоспарлап жүргенін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ол кино түсіру үшін сценарий іздеп жатқанын қозғап өтті.
«Қазіргі кездері «кино» түсіргім кеп жүр. Қолымнан келеді деп ойлаймын. Фильмге жақсы сценарий болса бірге жұмыс істеуге дайынмын. Күзге дейін қабылдаймыз. Қай жанрда түсірейік? Ойларыңызды жазыңыздар. «Енді сен қалып ең кино түсірмеген» дейтін достар әлі бастаған жоқпын, уайымдамаңыздар!» - деп жазды әнші әлеуметтік желідегі парақшасында.