Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

НЗМ оқушылары ЭКСПО билеттерін замандастарына сыйға тартты

AstanaTV
20.06.2017ж. 20:00
2221
НЗМ оқушылары ЭКСПО билеттерін замандастарына сыйға тартты

Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары еліміздің әр өңіріндегі замандастарына ЭКСПО билеттерін сыйға тартты. Олар қайырымдылық жәрмеңкелерінде өздері жасаған бұйымдарды сатудан түскен ақшаға билеттерді сатып алған еді. 9 миллион теңгеге алынған билеттерді иеленген жүз бала халықаралық көрмеге келіп, тамашалай алады. Жобаның іске асуына демеушілер де ат салысқан.

Күләш Шәмшидинова, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ басқарма төрайымы:

Тек билетін беріп қойып отырған жоқпыз. Біз балалардың барып келген жол ақысын төлеп отырмыз. Астанада 3 күн болады. Астанадағы жатар орны, ішетін тамағы, сонымен қатар Астанадағы ЭКСПОдан бөлек басқа да жерлерді аралайды.

Балалар осы жолы Астананың өзге де көрікті жерлерімен танысады. Бағдарламада шығармашылық жобалар мен спорт командаларының ойындары қамтылған. Балаларға "ЭКСПО-тарту" да жасалды. Олар үшін бұл сапар өте әсерлі болмақ.

Медет Ибраев, оқушы:

Ең алдымен билогия-химия бағытындағы Назарбаев мектебіне алғыс айтамын. Және өзімнің мектебімдегі сынып жетекшіме алғыс айтамын. Мені таңдап осы жаққа жібергені үшін. Бұл уақытты асыға күттік, әрине. Құдай қаласа, ертең ЭКСПОны барып көреміз.