Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

Алматыда балалар үйі тәрбиеленушілері арасында футболдан чемпионат басталды

AstanaTV
20.06.2017ж. 20:00
2800
Алматыда балалар үйі тәрбиеленушілері арасында футболдан чемпионат басталды

Алматыда балалар үйінің тәлімгерлерінен құрылған футбол командасы әйгііл «Челси» футбол клубымен кездесуге аттанбақшы. Еліміздің барлық облыстарынан 26 команда осы жолдама үшін сәуір айынан бері жасыл алаңда тартысқа түскен. Іріктеу ойындарынан озық шыққан командалар алдағы үш күнде Алматыда финалдық ойындар өткізеді. Үздік деп танылған топ Англия Премьер Лигасында өнер көрсететін атақты клубтың тарихымен танысып, әлемге танымал ойыншылармен жүзбе жүз кездеседі.

Бұл бастамаға осыдан 5 жыл бұрын «Бауыржан» қайырымдылық қоры ұйытқы болған. Осы мерзімде 1500 жетім бала турнирлерге қатысып, бақ сынауға мүмкіндік алды. Қазақстанның әр түкпірінен жиналған 45 футболшы бала Еуропаға барып «Барселона», «Реал Мадрид» командаларының ойынын тамашалап қайтқан.

Гүлзат Сахова, «Бауыржан» қайырымдылық қорының әлеуметтік жобалар бойынша үйлестірушісі:

Осы чемпионатқа биыл 5 жыл толып отыр. Осы 5 жыл ішінде жалпы балалардың көптеген арманы орындалды деп сенемін. Себебі барлық біздің жасап жатқандарымыз балалар үшін, олардың спортқа деген ынталарын оятып, спортқа деген құлшыныстарын, қызығушылықтарын арттыру болып табылады.