Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Мұсылмандар мың айдан қайырлы Қадір түнін қарсы алады

AstanaTV
21.06.2017ж. 20:00
3114
Мұсылмандар мың айдан қайырлы Қадір түнін қарсы алады

Бүгін мұсылмандар мың айдан қайырлы Қадір түнін қарсы алады. Айлардың сұлтаны - Рамазан айы болса, түндердің ең қасиеттісі - Қадір түні. Өйткені бұл түні барша адамзатқа арналған қасиетті Құран Кәрімнің аяттары түсе бастаған. Жер бетіндегі мүміндер асыға күткен түнді жамағат құлшылық етумен өткізеді.

«Астана» телеарнасының эфирінен бүгін Қадір түніне орай тікелей шығарылым ұйымдастырылады.

Сондай-ақ, арнамызда белгілі тележүргізуші Әйгерім Сейфолла жүргізетін «Сырласу» бағдарламасын тамашалай аласыздар. Хабардың қонағы «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Бақытжан Өткелбаев.

Бақытжан Өткелбаев, «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы:

Бүкіл періштелер жер бетіне Жәбірейіл періштемен бірге түседі дейді, Алланың әмірімен. Ол түні таң атқанға дейін жаратылыс, әлем тыныштықта, бейбіт, сәлеметте болады деген осы сүрені түсірген. Сол сүре арқылы біз Қадір түнінің қайырлы екенін, ол қайырлы болғанда да, мың айдан да қайырлы. Ол шамамен 83 жылды қамтиды.