Каспий теңізі қайраңын терең барлаумен айналысатын "Еуразия" жобасына тараптар қол қойды. Бұл туралы Астанада өткен шет елдік инвесторлар кеңесінің 30-шы жиынында Энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлімдеді. Бес елдің белді компанияларынан құралған консорциум батыста жаңа мұнай көздерін іздеуге кіріседі. Биылғы жиын "Жаңа энергетика" тақырыбында өтті.
Италиялық ENI, ресейлік "Роснефть", қытайлық CNPC, әзербайжандық SOCAR, америкалық NEOS GeoSolutions және "ҚазМұнайГаз" - "Еуразия" консорциумының мүшелері. Күні кеше тиісті құжатқа қол қойылды. Болжамға сай, Каспий қайраңында 50 млрд тонна мұнай қоры бар. Енді аталған бес елдің мамандары барлау жұмыстарын бастайды.
Қанат Бозымбаев, ҚР Энергетика министрі:
Который займется изучением недр Казахстана на сверхглубоких горизонтах Прикаспийской впадины. Подобных проектов в мире еще не было.
Ал жаңа көзқарастарымен елден ерекшелініп жүретін "Сбербанк" басшысы Герман Греф Қазақстан экономикасына қатысты пікірімен бөлісті. Ол болашақты болжауға қорқады.
Герман Греф, "Сбербанк России" ҚАҚ басқарма төрағасы:
Все,
что я здесь увидел, во многом эта ситуация очень похожа на российскую. У меня
вызывает это чувство страха и неопределенности с точки зрения структуры ВВП
Казахстана.
15-20
жылдан соң мұнай мен газға сұраныс құлдырайды. Адам үшін бұл мерзім ұзақ
көрінгенімен, макроэкономикада қас қағым сәт. Сондықтан шикізаттан жоғары
сапалы дайын өнім, батареялар шығару, сандық технолгияны дамуту, қысқасы, Digital-ға басымдық беру керек. Елде оған мүмкіндік беретін оқу орындары,
алаңдар бар, - деді Греф.
Герман Греф, "Сбербанк России" ҚАҚ басқарма төрағасы:
Я всячески поддерживаю то, что предложил коллега, может быть, создание группы, которая могла бы помочь вам в диджитилизаций экономики. Может быть, в следующий раз подготовка специально этой темы, направленной на диверсификацию экономики Казахстана.
Ірі көмір өндірісінің "қожайыны" Александр Машкевич те қатты отынның дәуірі өткенін мойындап отыр. Сондықтан өндіріс орындары мен зауыттар газбен жұмыс істеуге көшуі керек дейді. Оны қолдауға әзір екенін айтты.
Александр Машкевич, ERG менеджерлер кеңесінің төрағасы:
Всевышний наградил Казахстан богатыми ресурсами. Понятно, что угольная генерация постепенно уходит на второй план.
Президенттің айтуынша, Қазақстанда баламалы энергияның әлеуеті жоғары. Мәселен, жылына 920 млрд кВт/сағ. жел энергиясы, 62 млрд кВт/сағ. гидроэнергия және жылына 2,5 млрд кВт/сағат күн қуатын өндіруге болады.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
До
конца 2020 года планируется ввести в эксплуатацию более 50 объектов ВИЭ
суммарной мощностью 2 тыс. МВт. Доля альтернативной энергии в энергобалансе
страны к 2050 году должна увеличиться до 50%.
Ел
экономикасында ойып тұрып алар орны бар инвесторлар тегіс дөңгелек үстел басына
жайғасқан. Көпшілігі - мұнай-газ саласының "мықтылары". Инвесторлар
кеңесін өткізу 98-ші жылдан келе жатқан дәстүр. Биыл 30-шы жиын өтіп отыр. Бүгінгі
әңгімеге қарап, алдағы уақытта
инвестициялық бағыт өзгеруі мүмкін деп болжауға болады. Егер осы отырған
"қонақтар" көзқарасын өзгертсе.