$518.31 €567.96 ₽6.03
×

"Ауыл шаруашылығы саласына ерекше көңіл бөлінуде", - О. Бектенов

07.04.2025ж. 20:00
170
"Ауыл шаруашылығы саласына ерекше көңіл бөлінуде", - О. Бектенов

Былтыр егіс науқанын қаржыландыруға 580 млрд теңге жұмсалды. Биыл бұл бағытта 700 млрд теңге бөлінбек. Бұл туралы Үкіметте ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілермен кездесуде айтылды. Өнім көлемін екі есе арттыру мақсатында Мемлекет тарапынан қолдау шаралары жалғасады. Сонымен қатар, Үкімет ауыл тұрғындарын жыл бойы жұмыспен қамтамасыз ететін сала ретінде мал шаруашылығын дамытуға ерекше көңіл бөліп отыр. Осылайша, мал бордақылау алаңдары үшін қолдау құралдары әзірленуде, жеңілдікпен несие беру және субсидиялардың жеңіл әкімшілендірілетін түрлерінің пайдасына селекциялық-асыл тұқымдық жұмысты субсидиялау қайта қаралады.
 
АЙДАРБЕК САПАРОВ, ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІ:

Жеңілдікті лизинг шаруалар үшін әлдеқайда қолжетімді болды. Қаржыландыру көлемі 5%-бен 200 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды. Бұл өткен жылы бөлінген қаржыдан 80 миллиард теңгеге артық. Естеріңізде болса, былтыр лизинг 23 пайыздық мөлшерлемемен беріліп, субсидияны айлап күтуге тура келген. Жабдықтың өзі кепіл ретінде пайдаланылғандықтан, лизинг бағдарламасы ыңғайлы.