Латын қарпіне көшуге орай, біз тілтанушы ғалым Байынқол Қалиевті жаздық. Тыңдайық:
Байынқол Қалиев, филология ғылымдарының докторы, профессор:
Әрбір дыбысқа бір-ақ әріп алу керек. Кейбір ғалымдар айтады, екі әріппен бір дыбысты белгілеу керек деп. Ол жастарға оқыту қиын болады. Одан кейін қазақ тілінің оңай болуын, қазақ тілі заңдарының сақталуын ойладым. Сонымен бірге латын графикасында 26 әріп бар, содан артық бірде бір дыбыс алмауға тырыстым. Біздің дауысты дыбыстар жуан жіңішке болып бөлінеді ғой, А, Ә деген сияқты. Сондықтан А-ның үстіне кішкентай сызықша қоя салсаң, Ә болады. Сонымен бірге Ң мен Ғ деген екі дауыссыз бар. Латында Н мен Г бар. Солардың үстіне қанатша немесе айшық қойса, Ң мен Ғ болады. Менің жасағанымда 26 емес, 23 дыбыспен барлық қазақ дыбыстарын таңбалап шықтым.
Ғалым әріптердің үстіне нүкте қоюға қарсы.
Байынқол Қалиев, филология ғылымдарының докторы, профессор:
Мысалы, інілеріміздің болмаса, білімділеріміздің деген сөздерде 5-тен і әрпі бар. І-нің үстіне 5 жерден екі нүктеден қойып шықшы, жыбырлаған, өңкей бір... Және қою оңай болмайды, оны ручкамен бояу керек. Ал айшық болса, бүйте саласың. Ручкамен жазып отырғанда түрте саласың. Оңай болып шығады.
Қазақ көркем әдебиетін аудару мәселесіне байланысты пікірі:
Байынқол Қалиев, филология ғылымдарының докторы, профессор:
Совет өкімет кезінде жазған қазақ әдебиетінің ішінде М.Әуезовтің «Абай жолы» мен Ғ.Мүсіреповтің «Оянған өлкесінен» басқасынан барлығы қазіргі заман адамдарына керек емес. Өйткені ана екеуінде қазақтың бұрынғы өмір-тұрмыстары туралы айтылады. Қалғанының барлығы көмірді қалай қазасың, астықты қалай егесің деген шығармалар. Оларды аударудың қажеті жоқ. Менің ойым.
Латын қарпіне көшуге орай ұсыныстарды үйлестіруші ғылым академиясының президентінен бір сөз:
Мұрат Жұрынов, ҚР Ғылым академиясының президенті:
Стандартпен шығады, барлық компьютерлер. Сондықтан сол 26 әріптен шықпау
керек. Асып кетсек, қосымша әріптер енгізуге тура келеді, ал ол қиындықтар
туғызады. Уақыт жоғалтамыз. Мысалы, мына туысқан өзбек ағайындар тақтадан шығып
кеткен әріптерді кіргізіп алды да, кейін оларды тәжірибе мәжбүрледі – қайтадан
өзгертіп, сол 26 әріптің ішіне кірді.