$474.83 €515.38 ₽5.5
×

Айдын Рахымбаев «Отандастар» қорына қанша қаржы бөлетінін айтты

AstanaTV
23.06.2017ж. 20:00
3377
Айдын Рахымбаев «Отандастар» қорына қанша қаржы бөлетінін айтты

Қазақ халқының саны 18 млн! Бүгін Астанада өткен Дүниежүзі қазақтарының 5-құрылтайында Президент Нұрсұлтан Назарбаев мұны ресми түрде мәлімдеді. Алқалы жиында әлемнің түкпір түкпірінідегі қазақтарды қолдау жайы айтылды. Мемлекет басшысы қалталы азаматтар бұл игі шарадан сырт қалмауы керек деді. Ал белгілі меценаттардың бірі қанша қаржы қиюға әзір екенін біздің арна тілшілеріне айтып берді. Мөлдір Бақыт-қызы тарқатады.

Астанада өтіп жатқан құрылтайға әлемнің 39 елінен 350 делегет келді. Қазір алыс жақын шет елдерде 5 млн қазақ өмір сүреді. Президент "сүйінші" хабармен бөлісуге асықса керек. Қандастардың алдында соңғы статистиканы жайып салды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті: 

Егер де бастапқы кезде 200 мыңнан астам бала дүниеге келетін болса, қазір жыл сайын 400 мыңнан артық сәби дүние есігін ашады. 1 шілдеде біздің халқымыз 18 млн болды деп жариялаймын.

Қауымдастыққа мүше қазақтарға бұдан былай қаржылай қолдау көрсететін "Отандастар" қоры құрылмақ. Назарбаев бай-бағландарды қорға қаржы құюға шақырды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Біз Солтүстік Кавказдан келген балқарларды, шешендерді, барлығын үйімізге әкеп тығып тастағанда, құшағымызды жайдық қой. Ал енді өзіміздің қазақтарға неге солай жасамаймыз? Қаны қазақ сол бизнесмендерге осы қорға әрқайсысы өз үлесін қосуға шақырамын. Оны ұйымдастыруды құрылтай басшылығына, Президент Аппаратына, Үкіметке тапсырамын.

Бұл бастамаға қалталылар қалай қарайды? "Құрылыс магнаты" Айдын Рахымбаевтың пікірін білдік. Ол тіпті қанша қаржы бөлуге әзір екенін де айтты.

Для начала можно 10 млн тенге. Если это все заработает, всегда же потом можно продолжить.

Ал жырақтағы қазақ кәсіпкерлері өндірісті Қазақстанға көшіруді ойлап жүрген сыңайлы Бірақ әзірге қисынын таппаған. Өйткені жер сатып алу қиын. Зенгин Мехмет Парижде ұлттық кестемен перде тігеді. Оны 15 мемлекетке сатады, 150 адамға жұмыс беріп отыр. Құрылтайда айтқан базынасы бір сәтте шешілді деуге болады. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Зенген мырза тұра тұрыңыз, бізде заң бойынша жер сатылмайды. Көршілереміз алып, солардын қорқып қалған қазақпыз. Кішкене тұра тұруымыз керек. Бірақ 50 жылға жерді несиеге алып, жұмыс істеуге болады. Ол мәселені Асқар Мырзахметовке тапсырамын. Кездесіп, шешіп жұмыс істейтін бол.

Жырақта жүрсе де қазаққа орасан қызмет етіп жүрген қаршадай қыз да қошеметке бөленді. Әйгерім Болат Моңғолияда туып-өскен, Сингапур мен Италияда оқыған. Қазір Милан мен Астана арасында жұмыс істейді. Жеті елдің тілін біледі.

Айгерім Болат, Боккони университетінің лекторы, МРА магистрлік программасының директоры:

Қазақстанның 150-дей мемлекеттік қызметкерлері, министрлері мен басқа да лауазымды тұлғалардың білімдерін жетілдіруді Астанада және Сингапурда ұйымдастырдым. 2012 жылы Назарбаев университеті мен Ли Куаню атындағы мемлекеттік саясат мектебінің 5 жылға келісім жасауына мұрындық болдым. Бұл келісімшарт биыл тағы 5 жылға ұзартылды.

Назарбаев шет елдегі қазақ жастарының елде жоғарғы білім алуына бөлінетін квотаны екі есеге көбейтуді тапсырды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Тарихи Отаныма еңбек сіңіремін, оның дамуына үлес қосамын деген  әр талантты қазақты елге жеке шақырамын. 

Дүниежүзі қазақтарының 5-құрылтайы алғаш 1992 жылы Алматыда өткен. Құрылтай - қауымдастықтың ең жоғарғы органы. Оның төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев. Айтпақшы, бүгін Төрағаның бірінші орынбасары болып Зауытбек Тұрысбеков сайланды. Бұған дейін ол қызметті Талғат Мамашев  атқарған.