$523.2 €594.3 ₽6.38
×

Өмір бойына бас бостандығынан айыру: ІІМ қазақстандықтарға ескерту жасады

AstanaTV
09.04.2025ж. 10:21
270
Өмір бойына бас бостандығынан айыру: ІІМ қазақстандықтарға ескерту жасады
Фото: gov.kz

ІІМ қазақстандықтарды шетелдегі әскери қимылдарға ақша үшін қатысатындықтарға жауапкершілік бар екенін ескертті, деп хабарлайды Polisia.kz.

Министрліктің мәліметінше, әлеуметтік желілерде басқа мемлекеттердің қарулы күштерімен келісімшарт жасасып, ақша табуға шақыратын жарнамалар мен бейнероликтер таралуда.

Қарулы қақтығыстарға қатысқаны үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде қылмыстық жауапкершілік көзделген. (…) ІІМ азаматтарды Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға және ауыр құқықтық салдарға әкелуі мүмкін әрекеттерден бас тартуға шақырады, – делінген ақпаратта.

Казахстандық азамат шетел мемлекетінің аумағындағы қарулы қақтығысқа немесе әскери әрекеттерге жалдамалылық белгілері болмаса да, қасақана заңсыз қатысқаны үшін (ҚР ҚК 172-бап) 5 жылдан 9 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Ал жалдамалылық үшін (ҚР ҚК 170-бап) жасалған әрекеттің ауырлығына байланысты – 7 жылдан бастап өмір бойына дейін бас бостандығынан айыру, Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыру (немесе онсыз), мүлкін тәркілеу түріндегі жаза қарастырылған, – делінген хабарламада.