$523.2 €594.3 ₽6.38
×

Мектептерде «Заң және Тәртіп» атты міндетті пән енгізіледі

AstanaTV
09.04.2025ж. 13:25
149
Мектептерде «Заң және Тәртіп» атты міндетті пән енгізіледі
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ

Бас прокурор Берік Асылов жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу туралы жазды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Заңды құрметтейтін ұрпақты қалай тәрбиелеуге болады? Оған жауап — профилактикада, білім беруде және тәлімгерлікте. Өкінішке қарай, кейбір жасөспірімдер төбелес пен одан да ауыр қылмыстарға барып жүр. Көпшілігі заңды бұзып жатқанын, бұл үшін жауапкершілікке тартылатынын білмеген. Нағыз қауіп — құқықтық сауатсыздық. Сондықтан біз уәкілетті органға 7-сыныптан бастап мектептерде «Заң және Тәртіп» атты міндетті пән енгізу туралы маңызды ұсыныс жасадық. Бұл пәнді қызметтегі заңгерлер мен құқық қорғау органдарының ардагерлері жүргізеді. Өйткені олар тек білімді ғана емес, өмірлік тәжірибесін де бөлісе алады, - деп жазды ол «Х» әлеуметтік желісіндегі парақшасында. 

Берік Асылов ата-аналарды жауапты болуға шақырды. 

Жасөспірім заңның мәнін түсінгенде тәртіпсіздікке бармауға тырысады. Олар алған білімін тек сыныптастарымен ғана емес, отбасымен, көршілерімен де бөліссе дейміз. Мұндай сабақтардың саналы, жауапты, заң мен тәртіпке құрметпен қарайтын жас ұрпақты тәрбиелеуге көмектесетініне сенімдіміз. Ұлттық құрылтайдың IV отырысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Адал азамат тұжырымдамасының идеалдарына сай патриоттық рухта тәрбиеленген, білімді, жасампаз ұрпақты тәрбиелеудің маңыздылығын ерекше атап өткен болатын. Демек, отбасындағы тәрбие мен заңды білу, құрметтеу арқылы ғана біз әділетті қоғам құра аламыз, - делінген жазбада.