Алматыда мас күйде мопед тізгіндеген 23 жастағы азамат 2 жұмысшыны қағып өлтірді. Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбадан батыс бағытта келе жатқан мотоцикл алдымен мерседес маркалы көлікке соққан. Артынша жол жөндеп жатқан 3 бірдей жұмысшыны қағып өтеді. Салдарынан 40 пен 52 жастағы ер адам алған жарақаттарынан жан тапсырып, тағы бір жұмысшы әйел ауыр хәлде ауруханаға жеткізілген.
САЛТАНАТ ӘЗІРБЕК, ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
Мотоцикл жүргізушісі де ауруханаға жеткізілді Қазіргі таңда полиция қызметкерлері оны күзетуде. Ауруханадан шыққаннан кейін міндетті түрде қамауға алынатын болады. Белгілі болғандай сол мотоцикл жүргізушісі мас күйінде болған екен. Қазіргі таңда 2 адам өліміне әкеп соқтырған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алматы қалалық полиция департаменті анықтау басқармасымен.