$521.9 €593.5 ₽6.39
×

Астанада жатақхана өртеніп, 50-ден астам адам эвакуацияланды

AstanaTV
09.04.2025ж. 20:00
116
Астанада жатақхана өртеніп, 50-ден астам адам эвакуацияланды

Астанада жатақхана өртеніп, 50-ден астам адам эвакуацияланды.  Арасында 7 бала бар. Өрт сөндіруге 65 маман, 17 техника жұмылдырылды. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Ал тұрғындар уақытша мектепке орналастырылды. Әкімдік жатақхананың бұзылатын нысандар тізімінде екенін хабарлады. Пәтер иелеріне жаңа баспана ұсынылмақ, ал жалға алушылар өз бетімен үй іздейді. Олардың өртенген мүлігіне қатысты мәселе кейін қаралады.  

МАДИЯР МЫРЗАГЕЛДИЕВЮ, ҚАЛАЛЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Шамамен 4:51 уақыты бойынша Сарыарқа ауданы Бұланты көшесі 4 мекенжайы бойынша 6 қабатты жатақхана жанып жатыр деген хабарлама келіп түсті. Өрт орнына Астана қаласы ТЖД қызметкерлері жоғарғы ранг бойынша  келіп жеткенде 6 қабатты жатақхананың төбесі толығымен өртке оранғаны  анықталды.