Атырауда “AMANAT” партиясы мен Әйелдер күштері альянсы жұмысшы әйелдермен кездесу өткізді. Түрлі салада жылдар бойы маңдай терін төгіп, қызметін қалтқысыз атқарған нәзік жандарға құрмет көрсетті. Арасында ер адамдарға тән мамандықты игеріп, абыроймен атқарып жүргендер бар. Балықшы, кран жүргізуші, аушы, тракторшы, аспаз, тазалықшы, машинист аналар еңбек ете жүріп, көп балалы отбасының шуағына айналған. Кездесу барысында партия филиалының төрағасы мен “Көшбасшы әйелдер” саяси мектебінің төрайымы меморандумға қол қойды. Меморандум кәсіпкерлік салада әйелдердің үлесін арттырып, әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту бағытын қолдауды көздейді.
АЙЖАН СӘРСЕМБАЕВА, “AMANAT” ПАРТИЯСЫ АОФ ЖАНЫНДАҒЫ КОМИССИЯ МҮШЕСІ:
Бұл шараны өткізіп отырған Атырау облысы Альянс күштері әйелдер және аманат партиясының бірігумен өткізіп отырған шара. Бұл шараның мақсаты еңбек, жұмысы мамандығын осы мамандық иелерінің ең қадірлі мамандық иелерін ұмытып кеткендейміз. Соны биыл есімізге салғандай біз де соны қуана-қуана қабылдап отырмыз.
Ал еліміздің шығысында жаңа мамандықтар ашылады. "Жұмысшы мамандықтар жылы" аясында студенттер ауыл шаруашылығы, авиация және су көлігі салалары бойынша білім алмақ. Бұл кәсіп түрлері дуальды оқыту жүйесіне енгізіліп, тәжірибеге көп көңіл бөлінеді. Студенттер оқуға осы жылдан бастап қабылданады. Жоба - техникалық мамандықтардың беделін арттырып, кәсіпорындарға маман даярлауда облыстағы "АMANAT" партиясы филиалының басым бағыттарының бірі.
ӘЛИМА АҚЫЛБЕК, ШҚО БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Әрине, тәжірибе кезінде басшылық біздің студенттерге ерекше назар аударып, олардың көбін сол кәсіпорындарда жұмысқа қалдырады. Бұл - студенттеріміз үшін өте жақсы мүмкіндік. Олар дуальды оқыту аясында тәжірибе өткен мекемелерде жұмысқа орналасып жатады. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы, авиация, су көлігі секілді бағыттар бойынша біз мамандар дайындаймыз, бұл мамандықтар бойынша дуальды оқыту кеңейтіледі.