$523.2 €594.3 ₽6.38
×

Былтыр елімізде 1,5 миллионнан астам адам қаржы пирамидасының құрбаны болған

Былтыр елімізде 1,5 миллионнан астам адам қаржы пирамидасының құрбаны болған

Былтыр елімізде 1,5 миллионнан астам адам қаржы пирамидасының құрбаны болған. Биылдың өзінде 11 осындай топтың жолы кесілген. Әлеуметтік желіде 13 мың адамды қамтитын 6 топ, 4,5 сайт пен аккаунт жабылған. Бұл туралы Қызылорда облысы бойынша тергеп-тексеру департаменті бастамасымен өткен жиында айтылды. Онда мамандар жоғарғы оқу орнының студенттеріне алаяқтардан қорғану, қаржы саласындағы тәуекелдер мен қатерлерге қарсы тұру мәселелері турасында лекция оқыды. «Жастардың қаржылық сауаттылығын арттыру, ақшаны, жеке есеп шоттарды қорғау шараларын үйретудің» маңызы зор дейді ұйымдастырушылар.

АСЛАН КЕҢЕСҰЛЫ, ОБЛЫС БОЙЫНША ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ:

Заң жолымен пайдалану қажет, ол бір. Екіншіден, сақтандыру керек сол ақшаны. Цифрлық дамытып жатыр. Цифрлық дамытса, алаяқтар да көбейіп жатыр. Ол  енді алаяқтарды көбейтіп жатыр. Біз осындай цифрлық гигиена тақырыптарын айтып отырмыз. Және дроперді тақырыптар. Және жиі кездесетін ол қаржылық пирамидасы.