Ақтөбеде 17-дегі жасөспірімді бір топ бала аямай соққыға жыққан. Артынан пышақтап кеткен. Қазір Диас өздігінен жүре алмайды. 11 сыныпты үйден оқып жатыр. Диастың ата-анасы шырылдап әділдік іздеп жүр. Олар баласын аяусыз сабап, пышақтағандардың жазалануын талап етуде.
Оқиға 21 наурызда болған. Қазына Боқаеваның ұлын бір топ бала аямай соққыға жығып, пышақтап кеткен. 17 жастағы Диас көрші қатарластары шақырған соң, сол жерге барған көрінеді. Бірақ, олар қашып кетіп, Диас бір топ баланың арасында жалғыз қалып қойған дейді анасы.
ҚАЗЫНА БОҚАЕВА, ДИАСТЫҢ АНАСЫ:
Менің баламды жалғыз тастайды. Оның басынан дубинкамен ұрып, талдырып, талып жатқан баланы 13 бала 13 жағынан тепкілеп,үстіне секіреді. Еще соңында қашып бара жатып жатқан жерінен пышақтап кетеді. Менің балам оларды танымайды тек еріп барғаны болмаса, Келген балдар дайындалып келген беттерінде қара маска, қара перчатка пышақ.
Қансырап жатқан жасөспірімге сол маңдағы дүкеннің иесі алғашқы көмек көрсетіп, аман алып қалыпты.
АЙСТИНА ӘДІЛОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
Уже бала бір бейтіп, бір бейтіп демала алмай, тонып жатты бала деген. Действительно басы қанап жатты. Камераны қарасақ штакетникпен ұрып кеткен. Аяусыз теуіп кетті. Шығып енді көмегімді жасадым. Скорый шақырдым. Милиция келді.
Одан кейін Диас жиырма күндей ауруханада ем алған. Төрт операция жасалып, бірнеше рет қан құйылған. Қазір ол өздігінен жүре алмайды.
ҚАЗЫНА БОҚАЕВА, ДИАСТЫҢ АНАСЫ:
Төрт баланы ғана тауып тұр. 15 баланың ішінен төрт баланы ғана жазаға тартып тұр. Маған осы оқиғаға қатысты балалардың барлығын жазаланғанын талап етемін. Балам әлі күнге дейін сабақтан қалып жатыр. Программадан қалып жатыр. Он бір бітіріп жатырған бала, иә винеткаға да түсе алмайды. Өзінің арманы военный болу еді. Енді қазір оған да тапсыра алмайды.
Полиция оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғаған. Тергеу жүріп жатыр.
АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:
Бұзақылық бабы бойынша Ақтөбе қалалық ПБ сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Күдіктілер анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Тергеу жалғасуда.
Диас жастайынан бокспен, футболмен айналысқан. Әскери адам болуды армандайды. Қазір ол үй жағдайында білім алып, Ұлттық біріңғай тестілеуге дайындалып жатыр.