$516.01 €582.47 ₽6.26
×

Солтүстік Қазақстан облысындағы Есіл ауданында “Таза бейсенбі” акциясы өтті

11.04.2025ж. 20:00
164
Солтүстік Қазақстан облысындағы Есіл ауданында “Таза бейсенбі” акциясы өтті

Солтүстік Қазақстан облысындағы Есіл ауданында  “Таза бейсенбі” акциясы өтті. Сенбіліктің аясында Явленка ауылындағы ескі зираттан қоқыс шығарылып, қоршауы жаңартылды. Мұнда  150 согыс ардагері жерленген. Акцияға олардың ұрпақтары мен ауыл белсенділері атсалысты. Сондай-ақ, игі шараның барысында Жеңіс саябағы да қоқыстан тазартылған болатын. Жалпы, жыл басынан бастап Есіл ауданында 300 тоннадан астам қоқыс шығарылған.

АЙНАГҮЛ БЕКТАСОВА, СҚО ЕСІЛ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Зират қоршауының ұзындығы 600 метр. Оның беткі жағын, шамамен жартысын біз жаңа қоршаумен қаптаймыз. Игі шараны жүзден астам адам қолдап, қол ұшын созды. Ал техниканың барлығын ірі кәсіпорындар ұсынды.