Оңтүстікқазақстандық жасотандықтар өнертапқыштарды іздейді. «Нұр Отан» партиясы
республикалық жастар инновациялық жобалар байқауының шарттары студенттер
мен оқушыларға таныстырылды.
Байқауға қатысуға ниеттілердің бірі - Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы
Қуаныш Мәден - әлемде теңдесі жоқ құбыр тазалайтын робот ойлап тапқан. Қазір
патенттеу жұмыстары жүріп жатыр, бұл жоба «3.2.1. Старт!» байқауында 1-орынды
иеленген. 1 млн теңге ұтып алған оқушы қаржыға өзі құрастырған жобасын дамытып
әлемдік нарыққа ендіргісі бар.
Қуаныш Мәден, физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы:
Қаңқасына орнатылған мотордың көмегімен құбыр ішінде айналып тұрады. Қосымша орнатылған моторлар құбырға жылдар бойы жабысқан қалдықтарды тазалайды. Бұл микробтарды жойып, эпидемияның алдын алуға септеседі. Және құбырлар әдеттегіден 2-3 есе артық қолданыста болады.
Жасотандықтар
бұл байқау талай жобаның жарыққа шығуына септігі тиеріне сенімді. Өткен жылы
байқауға 120 жоба қатысқан. Өтінім 30-қыркүйекке дейін қабылданады.
Бауыржан
Молдабеков, «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» ЖҚ ОҚОФ төрағасы:
Көптеген стартап жобаларды қаржыландыруда
қиындықтар туындап отырады. Бұл кішігірім осы жобаларды, жастардың жобаларын
қолдауға үлкен септігін тигізеді деп есептеймін.