$516.91 €586.33 ₽6.3
×

Петропавлда республикалық командалық айтыстың екінші кезеңі өтті

14.04.2025ж. 20:00
145
Петропавлда республикалық командалық айтыстың екінші кезеңі өтті

Петропавлда республикалық командалық айтыстың екінші кезеңі өтті. Жыр додасында Қызылжар өңірі мен Астана қаласының өнер майталмандары бақ сынасты. “AMANAT” партиясы ұйымдастырған жоба былтыр бастау алған. Алғашқы айналымда 20 команда өнер көрсетіп, келесі кезеңге олардың тең жартысы өтті. Қызылжар мен елорданың өнерпаздары сахна төрінде «түре», «сүре», «қайым» және «қыз бен жігіт айтысы» жанрлары бойынша сынға түсті. Сонымен қатар күй, жыр, терме және дәстүрлі ән бойынша да мықтылар анықталды. Өнер бәйгесінің қорытындысы бойынша Астана қаласының ақын-күйшілері үздік атанды.

АМАНЖОЛ ӘЛТАЙ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Бүгін қайсысы мықты сол мегажобаның жартылай финалына жолдама алады. Ол 2-3 мамыр күні ел ордасы Астанада өтеді. Оған жеңіп шыққан төрт команда қатысады. Сондықтан сәт-сапар тілейміз.