Павлодарда ауыл кәсіпкерлерін қолдауға арналған кеңес алаңы ашылды. Игі іске “Әділет” партиясының облыстық филиалы мұрындық болды. Іс-шара барысында кәсіпкерлер бизнес ашу, кәсіпті дамыту бойынша тегін кеңес алды. Оған «ҚазАгро қолдау”, “Даму” қоры, “Атамекен” Кәсіпкерлер палатасы секілді ірі қаржылық ұйымдар және өңірлік басқарма өкілдері қатысты. Олар жеңілдетілген пайызбен несие беру, субсидиялық қолдау, лизинг сияқты бағдарламалар жайында толыққанды ақпарат берді. Жиынға қатысушылар өздерін толғандырған сауалдарына жауап алды.
МЕҢСҰЛУ СӘДУАҚАСОВА, «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Көбінесе ауыл тұрғындары қаржыландыру қайдан келетінін және мемлекет тарапынан қандай бағдарлама бар екенін біле қоймайды. Сондықтан біз бүгін «Агро қолдау» қаржыландыру және даму кеңес алаңын ұйымдастырып отырмыз.
Ардақ Қатай – Қытайдан қоныс аударған қандасымыз. Ол ұлттық киімдердің түр-түрін тігіп,қолөнермен айналысады. Кәсібін дамытуға қаржы жағы қолбайлау болып тұрғанын айтты. Кеңес беру алаңына келіп, ісін одан әрі дамыту бойынша бағыт бағдар алды.
АРДАҚ ҚАТАЙ, ШАРБАҚТЫ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
6 жылдан бері қарай осы қол өнерімді кәсіптендіріп, алдыға өзімнің еңбегімді сіңірсем деген ниеттемін. Бірінші жылы 1 млн. 300 мың теңге грант ұтып алғам. Осы Павлодарға келгеннен кейін. Содан кейін осындай гранттарды ұтып, алдымдағы кәсібімді дамытсам, менен кейінгі жастар әпке, сіңілдер бар сол кісілерге үйретіп, осы кәсібімді дамытсам деген арманым болған.