$440.86 €500.77 ₽5.27

Өңірлерде "Әділет" партиясының қолдауымен қарттар күніне арналған іс-шаралар өтті

AstanaTV
30.09.2026ж. 19:00
Өңірлерде "Әділет" партиясының қолдауымен қарттар күніне арналған іс-шаралар өтті

Еліміздің бірқатар өңірінде аға буын өкілдеріне арналған мерекелік іс-шаралар өтті. Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарына тұрақты баратындар өз өнерлерін ортаға салып, түрлі сайыстарда бақ сынады. Семей қаласындағы орталықта  қариялар командаға бөлініп, мәдени-спорттық тұрғыда сайысты. Мерекелік іс-шараға «Әділет» партиясының өкілдері де қатысып, қарттарды құттықтап, арнайы сыйлықтар табыстады. Бүгінде орталыққа 600-ге жуық қария қатысады. Олар бос уақытын тиімді өткізіп, шахмат пен тоғызқұмалақ ойнайды. Домбыра тартып, би үйірмесіне қатысатындар да бар.

ЖАНАР СМАҒҰЛОВА, "БЕЛСЕНДІ ҰЗАҚ ӨМІР СҮРУ" ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МАМАНЫ:

83, 75 жасқа келгенге дейін өмірінде қолында домбыра ұстап көрмеген қарттарымыз домбыра үйренді. Қазір шағын фальклорлық ансамбльміз бар.  Қарияларымыз өте белсенді. Ол кісілер жас ерекшеліктеріне байланысты қандай тапсырма берсең де өт жақсыға орындап шығады.

Ал Түркістанда "Үш ұрпақ - ортақ мұрат" фестивалі өтті. Қарияларға смартфон мен цифрлық сервистерді қолдану жолдары түсіндіріліп, кеңестер берілді. Фестивальде ұлттық қолөнер көрмесі ұйымдастырылып, аға буын өкілдері өз шеберліктерін көрсетті. Қариялар фитнес жаттығуларына қатысып, белсенді өмір салтын ұстануды дәріптеді.

ЗӘРКҮЛ ТӘТІБАЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Бүгін "Әділет" партиясынан келіп, көп мағұлмат берді. Барлық жағдай жасалған. Массажымыз, тұз бөлмеміз, дене шынықтыруымыз, еңбек терапиясы бар. Біз үшін осылардың бәрі жақсы әсер етіп жатыр.