$516.91 €586.33 ₽6.3
×

Шымкентте кәріз шұңқырына түсіп, мерт болған баланың туыстары әкімдікке шүйлікті

AstanaTV
15.04.2025ж. 19:40
78
Шымкентте кәріз шұңқырына түсіп, мерт болған баланың туыстары әкімдікке шүйлікті
Фото: newscity.zp.ua

Шымкентте 7 жасар бала үйдің маңындағы кәріз суы жиналған шұңқырға құлап, мерт болды. Баланың туыстары уақытылы шара қолданбаған әкімдікті кінәлап отыр, деп хабарлайды almaty.tv.

Кішкентай бала қайғылы оқиға болған күні бір өзі ойнап кеткен. Оның денесі арада бес сағат өткеннен кейін суға толы шұңқырдан табылған. Жергілікті тұрғындардың сөзінше, бұл қауіпті шұңқыр бірнеше жыл бұрын көпқабатты үйлерге септик құрылысы үшін қазылған екен. Алайда жұмыс тоқтап, салдарынан шұңқыр қараусыз қалған.

"Екі қолы сіресіп, аяқтары бүгіліп қалған. Судың тереңдігі үш метр. Бұл шұңқырдан ересек ер адамға да шығу қиын. Су лас", - деді қаза тапқан баланың анасы.

Тұрғындар бірнеше рет әкімдікке осы қауіпті аумақты қоршау туралы өтінішпен жүгінгенін айтады, бірақ еш нәтиже шықпаған. Өз кезегінде шенеуніктер жауапкершілікті мердігерлерге артып отыр.

"Бұл судың ішіне нәжіс толған. Терезені ашсаң, үйге жағымсыз иіс келеді", - деді қала тұрғыны Әлия Суанова.

Энергетика басқармасының бөлім басшысының міндетін атқарушы Асқар Әшіровтің айтуынша, арнаның аумағында екі мердігер жұмыс істеген.

"Бірі ирригациямен айналысқан "Ақжол" компаниясы. Ал 2020 жылдан бастап кәріз жүйесінің эксплуатациясына "Азия РС" жауапты болды. Септикті жабу мердігердің міндеті еді. Кейін олар сотталып кетті. Біз бұл жұмысты өз қолымызға алып, басқа ұйымға тапсырдық. Суды сору жұмыстары жасалып жатыр, қажет болған жағдайда қосымша қоршау орнатамыз", - деді шенеунік.