$516.16 €584.86 ₽6.25
×

Депутаттар Димаш Құдайбергенге қолқа салды

AstanaTV
15.04.2025ж. 20:00
130
Депутаттар Димаш Құдайбергенге қолқа салды

Депутаттар ұлттық спортты насихаттау үшін Димаш Құдайбергенге қолқа салды. Мәжілісмен Елнұр Бейсенбаевтың сөзінше, қазіргі бюджет теңгерімін ескере отырып, алдағы 5 жылда ұлттық спорт саласында туындаған қаржы мәселесі шешіледі деп айту қиын. Осы себепті халық қалаулылары бюджеттің бүйірін солқылдатпай, артық шығынды қажет етпейтін насихат құралдарын пайдалануға шақырды.

ЕЛНҰР БЕЙСЕНБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Менің ойымша тоғызқұмалақтың жарнамасын Димаш Құдайбергеннен бір Қытайдағы концертінде "бізде осындай тоғызқұмалақ деген ойын бар, мен соны ойнаймын, сіздерді де ойнауға шақырамын" деуге ешқандай қаржы қажет емес сияқты. Домбыраны насихаттап жүрген Димаш Құдайбергеннен сұрауға болады.


Ұлттық спорт мемлекеттік білім беру стандартына әлдеқашан енгізілген. Алайда жүзеге асырылуы көңіл көншітпейді. Маман тапшылығы да жоқ емес.

СЕРІК ЖАРАСБАЕВ, ҚР ТУРИЗМ ЖӘНЕ СПОРТ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

Оқу-ағарту министрлігінің құзыретінде дене шынықтыру орталығы жұмыс істейді. Сонымен бірлесіп арнайы жұмыс жасаймыз. Осы бағыт бойынша бағдарламалар әзірлейміз. Әр мектеп оқу бағдарламаларын жазар кезде қай ұлттық спорт түрін таңдайтыны сол мектептердің құзыретіне жатады.