$516.16 €584.86 ₽6.25
×

Абай облысында «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы бойынша жұмыстар баяу жүріп жатыр

Абай облысында «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы бойынша жұмыстар баяу жүріп жатыр

Абай облысында 5 мектептің құрылысы бітпей тұр. Жаңа ғимараттар былтыр пайдалануға берілуі керек еді. Сондай-ақ «35 ауылдағы сумен жабдықтау желілерін жаңғырту» жоспары бойынша жөнделуі тиіс 11 нысанның тек 7-уі аяқталған. Төртеуі аяқсыз қалды. Жалпы аймақта «AMANAT» партиясының «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасы баяу жүзеге асуда. Облыс бойынша Жол картасында былтыр жоспарланған 104 тармақтың тек 87-і орындалған. Қалғаны жүзеге аспаған. Облыс әкімдігінің есебін тыңдаған партиялық бақылау комитетінің мүшелері "өңірде жұмысты жоспарлау мен оны орындауда мәселе шаш етектен" деп сынға алды.

ЕРЖАН ЖЫЛҚЫБАЕВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:

Абай облысын көтереміз десек, әрбір адам жұмыс жасау керек ғой. Қашанғы барлығын талан-тараж жасай береді, ырлап-жырлап. Соттасып жүреміз. Зорға ақшаны бөлгіземіз, сосын соттасып жүреміз.