$516.16 €584.86 ₽6.25
×

Павлодарда "Атам - менің мақтанышым" атты челлендж басталды

15.04.2025ж. 20:00
143
Павлодарда "Атам - менің мақтанышым" атты челлендж басталды

Павлодарда "Атам- менің мақтанышым" атты челлендж басталды. Оқушылар Ұлы Отан соғысына қатысқан аталарының ерлік істерін айтып, бір-біріне бейне үндеу жолдады. Арлан Жұматаев – Аққулы ауданында тұрады. 6-сынып оқушысы өзінің атасы туралы айтып берді. Атасы Жұматай Тілеуқабылов 1941 жылы 22 жасында майданға өз еркімен  аттанған.   Украина, Белорусь, Сталинград елдерін азат етуге қатысты.  

АРЛАН ЖҰМАТАЕВ, ОҚУШЫ:

Менің атам екінші дәрежелі Ұлы Отан соғысының орденімен және Сталингрдты қорғағаны үшін, Германияны жеңгені үшін, жауынгерлік еңбегі, ерлігі үшін және Сталиннің алғыс хатымен марапатталған. Мен атамды мақтан етемін.


Ал Нұрсұлтан Серікбайдың атасы Қамаш Омаров  25 жасында соғысқа аттанып,  қан майданның ортасына түскен. Мергендігімен көзге түсіп,  Кеңес үкіметі тарапынан жоғары марапаттарға ие болған. Соғыстан аман-есен оралған соң да елде еңбек еттті.  

НҰРСҰЛТАН СЕРІКБАЙ, ОҚУШЫ:

Менің атам Украина, Польша, Румыния елдерінде соғысқа қатысып ерлік көрсеткен. Қазіргі таңда елімізге азаттық алып бергені аталарымыздың ерлігіні ешқашан ұмытпаймыз. Мен өз атаммен мақтан етем.