Астанадағы №55 мектепте «Жол қозғалысының жас инспекторларының» байқауы өтті. Шара оқушылардың білім сапасын арттыру және балалардың жолда жүру қауіпсіздігі қағидаларын үйрету мақсатында ұйымдастырылды.
Байқауда 5 команда саптық қарау, жол жүру ережелерін білгілер, ас реттеуші, эрудит, велосипедті мәнерлеп жүргізу және «Жас санитар» мен үгіт-насихат бригадаларының конкурсы бойынша өзара кіл мықтыны анықтады.
ДИДАР РАХИМБЕРЛИНА, ҚАЛАЛЫҚ №55 ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:
Осындай міндет артып жіберген кезде бізге өзімізге сондай қызық болды. Кішкентай-кішкентай жол полицейлері өзіңе келіп әңгіме айтып тұрғанда кім болсын елең етіп қарайды. Сондықтан бұл балалар үшін үлкен қуаныш болды.
Полиция қызметкерлері оқушыларға қызықты ойындар ұйымдастыру арқылы балалар мен жасөспірімдердің қатысуымен болатын жол-көлік апаттарының алдын алуға үлесімізді қоссақ –дейді. Себебі қайғылы оқиға көп жағдайда жол ережесін білмегендіктен болады.
БЕЙСЕН ҚАНЫБЕК, БАЙҚОҢЫР АУДАНДЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСТЫҒЫ:
Ортада тұрып жүгіріп өту. Велосипедпен резко шығып кету осы бағытта біз көбірек жол ережелерін сақтауды пешеходтан қалай өтуді. Қызыл жанғанда өтесің пешеходтан өткенде велосипедтпен өтпей, түсіп өтуді үйретеміз.
Оқушыларға жол қозғалысынан бөлек алғашқы көмек беру жолдары үйретілді.
ДАНА ТОГОЙ, №55 ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ОҚУШЫСЫ:
Алғашқы көмек кезіндегі адамды құтқаратын кезде жүрегінен жаңағы көкірегінен 30 рет басу ол мен үшін жаға ақпарат болды.
Байқауға 35 оқушы қатысты. Оларға түрлі сыйлықтар мен мақтау гармоталары табысталды.