$523.2 €594.3 ₽6.38
×

Елордада Аutomechanika Astana 2025 халықаралық автокөрме басталды

15.04.2025ж. 20:00
175
Елордада Аutomechanika Astana 2025 халықаралық автокөрме басталды

Елордада Аutomechanika Astana 2025 халықаралық автокөрме басталды. Бұл көлік индустриясын дамыту үшін ұйымдастырылған. Ауқымды шараға 22 елден 350 компания арнайы келді. Бұдан ел экономикасына түсер пайда қандай? Толығырақ тілші материалында.

Елдегі көлік саласы дамып келеді. Әсіресе соңғы 10 жылда алға жылжудың бары анық байқалды. Соның арқасында өзге елдермен байланыс бекіп, темір тұлпар экономикадағы көпірге айналды. Қазір Қазақстанда 7 мың адамды жұмыспен қамтып отырған 8 кәсіпорын жұмыс істейді. Биыл Алматы мен Қостанайда тағы 2 компания ашылады деп жоспарланған.

ӘНУАР МӘЛІК, «BUSINESS MEDIA CENTRAL ASIA» ПРЕЗИДЕНТІ:

Автокөлік көрмесі – әлемдегі ең ірі көрменің бірі. Әлемнің тек 14 елінде ұйымдастырылады. Оның қатарында Қазақстан бар. Мұндай брендпен жұмыс істеу біраз елдің арманы. Ал, Орталық Азияны алатын болсақ, бұл көрме тек Ташкент пен Астанада өтеді.


Automechanika – әлемдегі ең танымал көрме бренді. Мұнда өндірушілер қосалқы бөлшек, тест-дискілерді арнайы алып келіп, таныстырады. Орталық Азиядағы ең ауқымды индустриалды шараға Германия, Италия және Жапония сияқты 22 елден 350-ден аса қонақ келген. Бұл – тек қатысушылар саны. Көрермен есебінде келген қонақтар да аз емес. Бұл ел туризмінің дауына айтанрлықтай үлес қосады дейді вице-министр.

ЕРЖАН ЕРКІНБАЕВ, ҚР ТУРИЗМ ЖӘНЕ СПОРТ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

Бүгінгі іс-шараға сырттан да, басқа өңірлерден де келетін туристер саны мыңдаған. 12 мыңға жуық. Сондықтан елімізге, әсіресе жетелден келетін турист бір визитімен 1500 долларға жуық кіріс тастап кетеді.


Көрме аясында семинарлар мен дөңгелек үстелдер, озық технологиялар мен шешімдер бойынша шеберлік сыныптар өтеді.