$523.2 €594.3 ₽6.38
×

"Ассамблеяның 30 жылда көрсеткен нәтижелі жұмысына бәріміз куәміз" - Г.Шиповских

"Ассамблеяның 30 жылда көрсеткен нәтижелі жұмысына бәріміз куәміз" - Г.Шиповских

Қaзақстан хaлқы Ассамблеясы 30 жыл ішiнде eліміздегі тұрaқтылық пeн бeйбітшіліктің кeпіліне aйналды. Oсы жылдар арaлығында қaзақ елінің тұрaқты дамyына, түрлi этнoс өкілдерiнің бірлiгін нығайтyға ықпaл eттi. Ұлттық бірліктің басты институты 23-24 сәуірде 34-сессиясын өткізеді. Жиында үш онжылдықтағы Ассамблеяның жүріп өткен жолы мен одан әрі дамыту барысы талқыланбақ.

ГЕННАДИЙ ШИПОВСКИХ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Бұл жай бір 34-сессия емес. Мұның ерекшелігі – бұл біздің Ассамблеямыздың 30 жылдығы, отыз жыл ішіндегі түрлі жеңістер, түрлі жемісті жұмыстар, түрлі өзін сәтті көрсеткен жобалар. Оның барлығын бәріміз көріп, куәгер болдық. Жай ғана консультативті кеңесші органнан нақты конституциялық статусы бар, сонымен қатар Парламенттік құқықтық мүшелікке ие болған мекемеге айналып отыр. Сондықтан дәл қазір бізге Ассамблеяның керектігі өте жоғары.  


Биыл «Ассамблея жастары» ұйымына 4 жыл. Сессия барысында ел болашағы жастардың қазіргі тұрмыс-тіршілігі мен жетістіктері назардан тыс қалмайды. Сондай-ақ түрлі жобалардың нәтижелері таныстырылмақ.

ТИМУР ЖҰМЫРБАЕВ, "АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫ" РҚБ ТӨРАҒАСЫ:


Сессия барысында «Ассамблея жастарының» өкілдері сөз сөйлейді. Олар ұйым құрылғалы 4 жыл ішінде қандай жұмыстар атқарғанын баяндайды. Жалпы осы жиын арқылы жастардың жеткен жетістіктері мен даму бағытын айқындайтын боламыз.