$516.91 €586.33 ₽6.3
×

Трамптың баж салығына жауап: Қытай Boeing-тен бас тартты

AstanaTV
15.04.2025ж. 22:24
115
Трамптың баж салығына жауап: Қытай Boeing-тен бас тартты

Қытай билігі өзінің авиакомпанияларына Boeing ұшақтарын сатып алуға тыйым салды. Бұл қадам АҚШ президенті Дональд Трамптың Қытайға қарсы 145% көлеміндегі импорттық баж салығына жауап ретінде жасалды, деп хабарлайды BAQ.KZ Bloomberg-ке сілтеме жасап.

Сондай-ақ, Бейжің қытайлық тасымалдаушыларға америкалық компаниялардан авиациялық жабдықтар мен бөлшектерді сатып алуды тоқтатуды тапсырды. Ақпарат көздерінің мәліметінше, Қытай үкіметі Boeing ұшақтарын лизингке алған және соның салдарынан қаржылық шығынға ұшыраған отандық авиакомпанияларды қолдаудың түрлі тәсілдерін қарастыруда.

Бұған дейін Juneyao Airlines Co. кең фюзеляжды Boeing ұшағын сатып алу жоспарын кейінге шегергенін хабарланған болатын. Бұл шешім Қытай мен АҚШ арасындағы сауда шиеленісінің күшеюіне байланысты қабылданды.

Еске сала кетейік, 2 сәуірде Дональд Трамп басқа елдерден импортталатын өнімдерге 10% базалық баж салығын енгізген болатын. Бұл көрсеткіш Еуропалық Одақ елдері үшін 20%-ға, ал Қытай үшін 34%-ға дейін жетті. Жауап ретінде Қытай 4 сәуірде АҚШ-тан келетін тауарларға да 34% баж салығын енгізді. Бұдан кейін Вашингтон Қытайға қарсы баж мөлшерін 104%-ға, ал 10 сәуірде 145%-ға дейін арттырды.

9 сәуірде Трамп кейбір елдерге қатысты баж салығын 90 күнге тоқтататынын мәлімдегенімен, Қытайға бағытталған шаралар керісінше күшейтіліп, баж мөлшері 125%-дан 145%-ға дейін көтерілді.